{metadescription}
Брянскіде оқушы қыз сыныптастарына оқ жаудырып, кейін өзін өлтірген
Брянскіде оқушы қыз сыныптастарына оқ жаудырып, кейін өзін өлтірген

Брянскіде оқушы қыз сыныптастарына оқ жаудырып, кейін өзін өлтірген

Әкесінің мылтығымен мектепте ойран салған. Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды. 8-сыныпта оқитын қыз әкесінің мылтығын білім ошағына алып барып, сыныптастарына оқ атқан.

Ресейлік ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқушы қыз биология сабағында гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, жан-жағына оқ жаудыра бастаған. Жеткіншек алдынан шыққан төрт оқушыны жайратып салып, кейін мылтықтың шүрппесін өзіне қарата басқан.

Белгілі болғандай, тапа-тал түсте қатарластарына қару кезенген қыз бала мектепте сыныптастарынан теперіш көрген дейді. Себебі білім ордасында ылаң салған оқушы қыздарды емес, сыныбындағы жігіттерді нысанаға алған көрінеді. Желіде оқиға болған сәттен видеолар тарап жатыр. Онда жан ұшыра үрейленген балалар партаның астына тығылып абыр-сабыр болған. Жарақат алған бала мен оқ жаудырған Алинаның өзі оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Тағы төрт бала зардап шегіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде