{metadescription}
Атырауда кәсіпкерлерді қорқытып-үркітіп бопсалаған қылмыстық топ құрықталды
Атырауда кәсіпкерлерді қорқытып-үркітіп бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Атырауда кәсіпкерлерді қорқытып-үркітіп бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Атырауда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ құрықталды. 25-32 жас аралығындағы төрт жігіт бірнеше айдан бері қалталыларды қорқытып-үркітумен айналысқан.

Кәсіпкерлердің әрқайсысына салық салып, 5 миллион теңгеден алмақшы болыпты. Алайда экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оларды дәл қылмыс үстінде қамауға алды. Барлығы да жат ағамның жетегіне еріп жуан жұдырығымен пайда таппақ болған. Қазір күдіктілерге қатысты  қорқыту арқылы бөтеннің мүлкін иемдену бабы  бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

Жәбірленушілерден ақша бопсалаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де қылмысқа бар-жоғы анықталуда. ҚР ҚК 194-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде