{metadescription}
Астанада жарықтан соң, енді жылу бағасы да қымбаттауы мүмкін
Астанада жарықтан соң, енді жылу бағасы да қымбаттауы мүмкін

Астанада жарықтан соң, енді жылу бағасы да қымбаттауы мүмкін

Жарықтың ізін ала, Астанада жылу бағасы да қымбаттайтын түрі бар. «Астана Теплотранзит» мекемесі тарифті бірден 25 пайызға өсіруге ұсыныс әзірлеп, тиісті департаментке жолдаған.

Жауаптылар жылу тарифін қымбаттатуға бірнеше себеп бар дейді. Электр энергиясын өндіру мен тасымалдауда шығынның ұлғаюы, стратегиялық маңызды тауарлар құнының өсуі, жұмыскерлердің орташа айлық жалақысын арттыру үшін осындай қадамға барып отыр. Сондай-ақ бұдан түскен қаражаттың бір бөлігі әбден тозып кеткен жылу желілерін жаңартуға бағытталмақшы. Қазір желілердің тозу көрсеткіші 54 пайыздан асқан. Дегенмен бұл өзгерістер астаналықтардың қалтасын қанша теңгеге қағары әзірге белгісіз. Алдын ала есептесе, жылуға 1466 теңге төлеп жүрген елордалықтар жаңа жылдан кейін 1836, яғни 370 теңге артық төлем жасайды. Астанада соңғы рет жылу бағасы шілде айында 1200 теңге шамасынан 1466 теңгеге көтерілген.

Зура Сардарбек, Табиғи монополияны реттеу комитетінің Астана бойынша департаменті бөлімінің басшысы:

Тарифте пайыз өзгерту көзделген. Алайда бұл субъектінің жобасы болып есептеледі. Бұл нақты емес. Біздің департамент бүгінгі күні жария тыңдау өткізді. Соның негізінде тұтынушылардың, және барлық өкілдердің айтқан ұсынысын қабылдай отырып, ұсынылған құжаттарға талдау жасала отырып, департамент тарапынан түпкілікті шешім қабылданады. Бұл 25 пайыз, ол нақты шешім емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде