{metadescription}
Алматыны жарықтандыру компаниясының жұмысшыларға берешегі 36 миллионға жеткен
Алматыны жарықтандыру компаниясының жұмысшыларға берешегі 36 миллионға жеткен

Алматыны жарықтандыру компаниясының жұмысшыларға берешегі 36 миллионға жеткен

Күнде ертеңі таусылмайды. Алматыны жарықтандырумен айналысқан компанияның жұмысшылары тағы да шу шығарды. Бұл жолы еңбекақымызды алмадық деген өзге мамандар қосылды. Өз есебінше, әлі күнге дейін берілмеген қаражат 36 миллион теңге. Қазір ABM-BUILDING 2007 серіктестігіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жұмысшылардың қақпадан секіріп кеңсеге басып кіруінен басқа шарасы қалмады. Бірақ басы дауға қалған компанияның есігі сол күйі ашылмады. Ашуға мінген жұрт кезінде қаланы жарықтандыру бойынша әкімдікпен арада келісімшарт болған ABM-BUILDING 2007 серіктестігінде біршама уақыт жұмыс істеген. Енді жаздан бері жалақысын ала алмай сенделіп жүр.

Асыл Ахметова:

Біз істеген компания жабық тұрған секілді, бірақ ішінде адамдар тығылып жұмыс істеп жатыр. Бұл үлкен компания. Білмеймін, қалай ғана Қазақстанда осындай компания бар екенін. Ешқандай зейнет қорына да,, салық та төленбейді. Қалай бұлар тендер ойнатып отыр. Жақында ғана бәленбай миллиардқа тендер жеңіп алды.Оны қалай өткізді, білмеймін. Жұмысшылардың құқығын таптап отыр. Біздің талап жалақымызды төлеп берсін.

Өзіне тиелісі маңдай тер ақысын сұраған жұмысшылардың көтерілгені тек бүгін емес. Өткен айда да жиналған. Сол кезде әкімдіктегілерді кінәләп шыққан компаниядағылар жалақыны беріпті. Бірақ шу шығарғандарға ғана. Бірақ тек бір айдың ақшасын берді деп отыр. Ал жиынға келіп үлгермегендер дымсыз қалған.

Шалқар Жекенбаев:

Тамыз айынан бері ешқандай ақша алмадық. Жұмыстан шыққанымызға екі ай болды. Жалақы жоқ. Күніге ертең деп айтып жатыр. Бірақ жалақы төлемеді. Маған 450-500 мыңдай қарыз.

Компаниядағылардан бұл жолы жауап ала алмадық. Кеңсесі жабық. Телефон тұтқасын көтермейді.

Міне, ары таза болса, алып сөлеспей ме, халықтың алдына шығып. Біз олардан қарызға ақша сұрап жатқан жоқпыз, өзіміздің адал, маңдай тер еңбегімізді сұрап жатырмыз.

Қазір ABM-BUILDING 2007 серіктестігінің ізіне экономикалық тергеу департаменті түсіпті. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ал еңбекақысын даулап келген жұрт жалақымыз тағы жырға айналса, еңбек инспекциясынан бастап, прокуратураға да ұжымдық арыз түсіреміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде