{metadescription}
Балет королі Болат Аюханов тұрған үйге мемориал тақта орнатылды
Балет королі Болат Аюханов тұрған үйге мемориал тақта орнатылды

Балет королі Болат Аюханов тұрған үйге мемориал тақта орнатылды

Алматыда балет өнерінің королі Болат Аюханов тұрған үйге мемориал тақта орнатылды. 65 жылдан аса ғұмырын хореографияға арнаған жұлдыздың қазасына әлі де жүрегі езілетін жұрт ескерткішінің алдында қайғырып көзіне жас алды.

Гүлфида Ғафурова, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балетмейстері:

Болат Ғазизұлымен біз етене жақын, 40 жылдан аса араластық. Оның хореографиялық стилі көрерменге жаңашыл болды. «Балет өнерінің революционері» деп айтуға болады. Жастарға білгенін үйретуден шаршамайтын кісі еді. Артында ауыз толтырып айтарлық істері мен іздері қалды.

Болат Ғазизұлы қазақ ерлері арасынан ең алғаш болып шыққан балет артисі. Ескерткіш тақтаның ашылуында тебірене сөйлеген әріптестері онымен бірге өткізген естен кетпес сәттерімен бөлісті. Болат Аюханов еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы Опера және балет театрында бастаған. Қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленетін өнер майталманының «Қыз Жібек», «Шыңғысхан», «Батырлар», «Гамлет» қойылымдары әлі күнге дейін классиканы сүйетін қауымның жадында. Балет өнерінің көрнекті шебері былтыр желтоқсан айында 84 жасында дүниеден озды.

Мағира Қожахметова, жазушы:

Болат Аюхановтың есімі мәңгілік сақтала беретініне сенемін. Мына бүгінгі тарихи сәтте өте керек, келер ұрпаққа. Өйткені біздің қазақтың руханиятын байытқан талантымен, керемет ,көрермендердің есін жиған, талғамы жоғары сондай бір ірі тұлға болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде