{metadescription}
«Алтын тобылғы» жеңімпаздарын анықтау қиынға соқты
«Алтын тобылғы» жеңімпаздарын анықтау қиынға соқты

«Алтын тобылғы» жеңімпаздарын анықтау қиынға соқты

Елордада дарынды жас ақындар мен жазушылар марапатталды. Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы биыл тоғызыншы рет өткізілді. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18-35 жас аралығындағы 100-ден астам қаламгер қатысты.

Биыл үздік қаламгерлер проза, поэзия, драматургия, балалар шығармасы, фантастика жанрындағы үздік шығарма мен үздік киносценарий, сонымен қатар «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» сынды жеті номинация бойынша анықталды.

Дәстүрлі әдеби додаға биыл 161 шығарма ұсынылды. Туындылар адамның рухани қасиеттері мен ұлтжандылық, ауызбіршілік тақырыптарына арналған. Белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінен жасақталған қазылар алқасының мүшелеріне жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Себебі ұйымдастырушылар атап өткендей, шығармалар бірінен-бірі өтеді. Бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу үшін ерекше бағалау жүйесі де қолданылыпты.

Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

Мысалы, 126 байқауға түскен шығарманы арнайы нөмірлейміз. Әр ақынның, жазушының, автордың аты-жөнін білмейміз. 10 әділқазы мүшесі бәріміз бөліп аламыз да, бір ай бойы оқимыз. Оқып шығамыз да, 1-ден 10-ға дейін балл қоямыз. Сосын барлығымыз бір ай өткеннен кейін жиналамыз да, баллдарды қосамыз. Сонда жеңімпаз өзінен-өзі шығады. Бізге түсетін байқауға шығармалар әлеуметтік желіде, басқа жерлерде жарияланбау керек. Жаңа туынды болу керек.

Әр номинацияның жеңімпазына 2 млн теңге, ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 млн теңге табыс етілді. Ұйымдастырушылар бұл қалам тербеген жас дарындарға пәтерінің алғашқы жарнасына едәуір көмек екенін атап өтті.

2015 жылы бастауын алған бірегей байқауға бүгінде жастар зор қызығушылық білдіріп отыр. Әсіресе «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясында сайысқа түскен қатысушылардың қатары қалың. Бұл сында түркістандық Әмәлият Арқалықтың шығармасы оқ бойы озық шықты.

Әмәлият Арқалық, «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпазы :

«Өмір қаласындағы өмір» деп аталатын поэзиялық цикл жаздым. Астана қаласының өткені мен бүгіні және болашағы ,соны бір қарым қуатымызша, қалам қуатымызбен романтикалық стильде, осы заманға сай тіл, көркемдік ерекшелілігінің бәрінқарапайым етіп, өзімше сондай стильде жаздым. Ол ұнап жатса менің де жетістігім, жеңісім деп санаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.