{metadescription}
0:000:00
БҚО-да қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды

БҚО-да қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды. Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт балақай ауруханада жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер Тасқала ауданының ауруханасына түскен қыздың ауруы жедел қозып, оны аман алып қалу мүмкін болмады деп отыр.

Ерлан Тоқсанов, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

5-і күні кешкі сағат онда түседі де, бессағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы скарлатина. Өкпенің қабынуы, миокардит, жүректің миокарды ісінуі. Қабынғанда сондай диагноз қойылды. Енді гистологтар гистологияға керек анализдерді алды, толық диагноз алды. Оған бір жұмадай уақыт керек.

Көбінесе 2-10 жас аралығындаағы балаларда кездесетін қауіпті ауру Тасқала ауылындағы балақайлар арасында өршіген. Жыл басынан бері бұнымен Батыс Қазақстан облысында 780 адам ауырса, 347-сі ауруханада емделген. Олардың тек 21-і ғана ересектер екен. Қызуы көтеріліп, денесі бөртсе және тіл мен тамақ қызарса жедел медициналық көмекке жүгіну керек дейді дәрігерлер. Қазір балақайлар жаппай қызамық ауруына шалдыққан Тасқаладағы «Балдырған» балабақшасы карантинге жабылды. 40 балақай жеті күндік карантинде. Олармен қарым-қатынаста болғандардың бәрінен сілекейі алынып, зертханаға жіберілді. Негізі балаларға бұл аурудан қорғайтын АКДС вакцинасы салынуы керек. Бірақ облыстың санэпидемиологтары дерттің екпесі өңірде жоқ деп отыр.

Мұхамғали Арыспаев, БҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

Алдын алатын бізде оған, скарлатинаға қарсы вакцинамен емдейтін вакцина жоқ. Тек қана профилактикалық өзіндік гигиенаны сақтау ережесін сақтау керек, бала қолын жуу керек, барлық балабақшада өзіндік гигиена сақтау керек. Сонымен қатар төсек-орының бәрін таза болуы керек. Барлық санитарлық норманы сақтау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде