{metadescription}
Семейде 6-сынып оқушысын зорламақ болған ер адам ұсталды
Семейде 6-сынып оқушысын зорламақ болған ер адам ұсталды

Семейде 6-сынып оқушысын зорламақ болған ер адам ұсталды

Семейде 6-сынып оқушысын зорламақ болған азамат қамауға алынды. Күдіктінің бұл әрекеті көпқабатты үйлердің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға жаңа салынған Қарағайлы ықшамауданында болған. Таңғы уақытта 31 жастағы азамат кетіп бара жатқан қыздың артынан барып, оны сүйрелей жөнелген. Жан даусы шыққан оқушыға учаскелік инспектор араша түскен екен. Сөйтіп ол қызға тиіспек болған күдіктіні қыл үстінде құрықтады. Ал  жасөспірімге бас салған тұрғынның мас болғаны анықталды.  Қазір ол қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Рымғали Жибраев, Семей қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы:

Бала көшеден көмек сұрап айқайлады. Көрдім де, бірден жүгірдім. Қыз қатты қорқып қалған. Бірден ата-анасын шақырып, қызды  табыстадым. Ал күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК 120-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде