{metadescription}
Хостел, жатақхана құрылысы мен қолданылуы енді жіті қадағаланады
Хостел, жатақхана құрылысы мен қолданылуы енді жіті қадағаланады

Хостел, жатақхана құрылысы мен қолданылуы енді жіті қадағаланады

Жіті қадағалауда болады. Төтенше жағдайлар министрлігі хостелдер мен жатақханалар құрылысын және қолданылуын бастан-аяқ қадағалайды. Бұл туралы ведомство басшысы Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше, келіп түскен арыздардың 60 пайызы құрылыс барысындағы заңбұзушылыққа қатысты. Тіпті кейбір тәуелсіз топтың ақпаратына сүйенсек, Алматыда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 11 нысан бар екен. Жеке үй мен коттедждерді хостелге айналдырудың соңы қандай қайғылы жағдайға әкеп соққанын тілге тиек етті. Осылайша қазір жүріп жақтқан құрылыс нысандары мен хостелдер жіті бақылауда болады.

Еске салсақ, 30 қараша күні Алматының орталығында хостел өртке оранған. Есік-терезесі жоқ жертөледен шыға алмаған13 адам ыстан уланып мерт болды.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Жатақханалардың өзінің классификациясы бар. Үш типке бөлінеді. Ол жоғарғы тәуекел, орташа тәуекел, кіші тәуекел. Біз тексеретініміз жоғары тәуекел, 2000 жоғары адам болатын болса. Оның өзінің тәртібі бар. Жоспарымен сондай жұмыс атқарылады. Басқа санаттағылар орта, кіші бизнеске қысым болмауы үшін, біздің қазір құқығымызда жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.