Елге оралмаған «Болашақ» түлектерінің берешегі — бір жарым млрд теңге
Елге оралмаған «Болашақ» түлектерінің мемлекет алдындағы берешегі бір жарым млрд теңгеге жеткен. Бас-аяғы 270 стипендиат бөгде елге сол кеткеннен мол кетіпті.
Автор: Айжан Шамшидин
08.12.2023
Бүгін Астанада бағдарламаның 30 жылдығына жиналған ең үздік түлектер «Болашақ» стипендиясының басты логотипін өзгертті. Ұйымдастырушылар негізгі нышан ретінде қарлығаш құсын таңдауымызда мән бар деп отыр. Алысқа кетсе де, ұясына ұшып келетін қарлығаштай «Болашақ» түлектері де еліне сағынышпен оралады деген тәмсіл жатыр астарында.
Соңғы бес жылда бағдарлама медициналық, техникалық кадр дайындауға бағытталған. Сондай-ақ әлемнің ең озық ғылыми орталықтарына ғалымдарымыздың барып тәжірибе алмасуына жағдай жасалып жатыр. Жалпы осы уақыт ішінде 12 мың түлек «Болашақ» стипендиаты атанған.
Әлия Оспанова, «Болашақ» бағдарламасының президенті:
— 270 түлек шынымен де ұшып келмеген. 15 мың түлектің ішінде ол 1 пайыздан да кем болып есептеледі. Бірақ ұшып келмесе де, сол қарлығашымыздың ұясы елімізде тұрады ғой. Қарлығаш құсындай шетелге ұшып, ұясына қайтып келетін мағынада. Біздің де түлектеріміз тәжірибелерін жинақтап, өз ұясына оралады деп ойлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!