{metadescription}
Қостанайда газ жарылған жүк көлік жөндеу орталығының күлі көкке ұшты
Қостанайда газ жарылған жүк көлік жөндеу орталығының күлі көкке ұшты

Қостанайда газ жарылған жүк көлік жөндеу орталығының күлі көкке ұшты

Қостанайда газ жарылып, жүк көліктерін жөндейтін орталықтың ғимаратының тас-талқаны шықты. Қиранды жеті адамды басып қалған. Құтқарушылар үйінді астынан төрт адамды алып шықты. Оның бірінің жағдайы өте ауыр.

Құтқарушылар тайлы-тұяғы қалмай оқиға орнында қирандыны қолмен аршып жатыр. Ауыр техниканы жақындатуға болмайды дейді мамандар. Өйткені ғимараттың қаусаған қабырғасы құлағалы тұр екен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше құтқарылған 11 адам ауруханаға жеткізілген. Ал үйінді астында әлі үш жұмысшы бар деген ақпарат бар. Құтқару жұмыстары қатты суыққа қарамастан жалғасып жатыр. 

Қайрат Қасым, Қостанай облысы ТЖД басшысы:

Іздеу жұмысы қиындап тұр. Қажет техниканы айдап әкелдік. Кран орнату үшін плацдарм әзірленген. Үйінді астында қалып қойғандарға зияны келмес үшін жылдам әрекет ету қауіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.