{metadescription}
«Айканың тізімін кім таратты». ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр
«Айканың тізімін кім таратты». ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр

«Айканың тізімін кім таратты». ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр

«Айканың тізімін» кім таратты? Ішкі істер министрі әлеуметтік желіде дау туғызған тізімге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Егер бұл ақпаратты тәртіп сақшыларының бірі таратқаны расталса, қандай жаза қолданылатыны да айтылды.

Ержан Саденов, ҚР Ішкі Істер министрі:

Аталған фактімен қызметтік тергеу жүріп жатыр. Толық ақпаратты іс аяқталғаннан соң береміз. Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпарат фейк-фейк емес деп құмалақ ашпай-ақ қояйық. Ал енді ақпараттың расталуына келсек, жалпы жеке мәліметті таратқаны үшін ҚР ҚК 147- бабы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бірер апта бұрын желіде элиталы эскорт қыздарды жалдады деген адамдардың жеке дерегі тарап кеткен. «Ворд» форматындағы құжатта эскорт қызметін ұйымдастырғаны үшін ұсталған алматылық арудың телефон кітапшасындағы нөмірлер көрсетілген. Ол ақшаға жыныстық қатынас көрсетуге ниетті сұлу қыздарды іздеп, қалтасы қалың клиент тартумен айналысқан. Желіде желдей ескен атышулы «Айканың тізімінде» танымал әншілер мен белгілі шенеуніктер де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде