{metadescription}
Қарағандыда қылмыстық топ кеншілерді үркітіп-қорқытып ақша бопсалаған
Қарағандыда қылмыстық топ кеншілерді үркітіп-қорқытып ақша бопсалаған

Қарағандыда қылмыстық топ кеншілерді үркітіп-қорқытып ақша бопсалаған

Қарағандыда кеншілерді үркітіп-қорқытып ақша бопсалап келген қылмыстық топ құрықталды. Мұздай қаруланған жігіттер тіпті Абай ауданыдағы теміржол станциясынанан жүк пойыздарындағы тауарларға ауыз салған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ бұрынғы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты шахта кеншілерімен бел шеше айналысқан сыңайлы. Жалақысы көп жұмысшыларға күш көрсетіп зәрезап қылған. Олардың осындай кемі 15 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Топ мүшелерінің үйін тінткенде қару-жарақ, оқ-дәрілер мен суық қарудың түр-түрі және діни мазмұндағы әдебитеттер табылды. Өңірде өзінен бәрі сескенетін болғандықтан, күдіктілер жүк пойызындағы тауарларды да тонап келген.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

10 адам ұсталды, ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі бар. Қылмыстық топ мүшелерінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасында тексеріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде