{metadescription}
Аяздан Теміртаудың бір бөлігі ауыз судан қағылды
Аяздан Теміртаудың бір бөлігі ауыз судан қағылды

Аяздан Теміртаудың бір бөлігі ауыз судан қағылды

Сарышұнақ аяздан Теміртаудың бір бөлігі ауыз судан қағылды. Қаланың шығыс бөлігіндегі көшелердің бірінде құбыр қатып қалған. Соның салдарынан 50-ге тарта көпқабатты үй мен екі аурухана, емхана және екі мектеп сусыз қалған. 

Николай Болтовский:

Суық су жоқ. Су құбырлары қатып қалған дейді. Үйге кіретін құбырлар да қатқан. Сусыз отырмыз. Осыны пайдаланып дүкендер де сататын судың бағасын өсіріп жіберді. Көбінде таусылып қалған.

Көпқабатты үйде орналасқан шағын дүкендер бөтелкедегі су бағасын екі есеге арттырып жіберген. Өйткені жергілікті билік құбыры қатқан үйлерге су жеткізбей отыр. Амалы таусылған тұрғындар басқа аудандардағы дүкендерге сабылуға мәжбүр. Су құбырының қатқаны кеше кешкілік белгілі болды. Магистральдың 20 метр жері мұзға айналыпты. Қазір оны ерітуге бар күшін жұмылдырылды. Суды қосымша құбыр арқылы жібергенімен, оның қысымы жетпей жатыр. Сондықтан ауыз су үйлерге жетпей қатып қалып жатыр. 

Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:

Төмен гидравликалық режиммен қалпына келтірдік. Қазір ақауы бар учаскені анықтадық. Қайтадан штаттық режимге ауыстыру үшін 8 бригада мен 11 техника жұмылдырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде