Ерлан Сайыров: ЖЭО мен желі жөндеуге жұмсалған қаржының әр тиынына есеп берсін
160 млрд теңге қалай, қайда жұмсалды? Депутат Ерлан Сайыров жылу электр орталықтары мен желілерді жөндеуге жұмсалған ақшаның әр тиынына есеп берілуін талап етті.
Автор: Айғаным Достанбай
13.12.2023
Былтыр Екібастұзда жылу нысандары істен шыққан уақытта мәжілісмен өңірге барып жағдайды өз көзімен көріп қайтқан. Өткен жылдағыдай екі-үш қала емес, бір уақытта бірнеше шаһар жылусыз қалғаны алаңдатарлық жағдай дейді депутат. Жауапты шенеуніктердің төтенше жағдайға апат емес, техникалық ақау деп баға бергені де Сайыровқа жақпай қалған сыңайлы. Мұндай апаттар алдағы уақытта жалғаса беретін болса, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев басымен, қызмет орынтағымен қоса жауап береді деп ашуға мінді.
Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:
— Терминмен ойнамау керек. Азаматтардың бір-ақ көңіл күйі болады. Олардың үйінде жылу бар ма, немесе жоқ па?! Ол техникалық апаттан ба, коллапстан ба, оны ешкім қызықтырмайды. Бүгін біз терминмен дауласпай, адамдардың үйіне жылу жеткізуіміз керек. Осыдан бір ай бұрын Сәтқалиевқа мен нақты сұрақ қойғам, "Егер осындай жағдай болатын болса, халықтың, парезиденттің алдында жауапкершілігіңізді сезінесіз бе" деп, сезінем деген. Енді қазір емтихан тапсырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!