{metadescription}
9-20-25: Соңғы бес жылда баспанасы мүлдем болмауы керек
9-20-25: Соңғы бес жылда баспанасы мүлдем болмауы керек

9-20-25: Соңғы бес жылда баспанасы мүлдем болмауы керек

9-20-25 бағдарламасымен үйлі болғысы келген азаматтардың басында соңғы бес жылда мүлдем баспанасы болмауы керек. «Отбасы банкі» бұл міндетті шарттардың бірі деп мәлімдеді.

Азаматтардың бағдарламаға қатысуына тек бір рет қана мүмкіндік туады. Бұған дейін шарттары ұқсас болған "7-20-25-те" отандастарымыз үйді сатып алып, кейін нарықтағы баспана бағасының құбылуына байланысты қымбат бағаға сатып жіберетін. Басындағы несие қамытынан құтылған соң, бағдарламаға тағы қатыса алатын. Енді бұл мүмкіндік үзілді-кесілді жойылады. Жалпы жаңа ипотекалық бағдарламаға жыл сайын 150 млрд теңге бөлінеді. Шамамен 8 мың отбасы баспанамен қамтылады. Ипотека негізінен жастарға арналады.

Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры:

Бағдарлама өз қаражаты және нарықтан қаржы тарту көздері арқылы шешіледі. Бұл жерде ҚР кез келген азаматы қатысуға мүмкіндігі бар. Соңғы бес жылда отбасы мүшелерінің атында үй болмауы басты шарт.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.