{metadescription}
Бақытжан Базарбек офшордағы ақшаны қайтару үшін жұмыс істелініп жатқанына күмәнді
Бақытжан Базарбек офшордағы ақшаны қайтару үшін жұмыс істелініп жатқанына күмәнді

Бақытжан Базарбек офшордағы ақшаны қайтару үшін жұмыс істелініп жатқанына күмәнді

Халықтың 45 млрд-қа жуық доллары офшорда жатыр. 30 жыл бойы шекара асқан миллиардтарға сұрау салатын заң болмағандықтан, олигархтар мен шенді-шекпенділер, былайша айтқанда, жалғанды жалпағынан басып келді. Мәжілісмен Бақытжан Базарбек осы сомаларды қайтаруға қаржы министрлігінің қарқынды жұмыс істеп жатқанына күмәнмен қарайды.

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

Қолдағы ақпаратыма сәйкес, қазір офшор аймақтарда 45 млрд-қа жуық елдің, халықтың ақшасы жатыр. Шетелдік ұйымның ақпараты бойынша, жыл сайын Қазақстаннан 250 млн доллар капитал шығарылады. Үкімет осы 45 млрд-қа жуық офшорлардағы ақшаны қайтаруға не жасап жатыр? Қандай шара қолданып жатыр?

Бақытжан Базарбек Ерұлан Жамаубаевтан офшорлық аймақтармен қашан келісімшарт жасалатынын, заңсыз шығарылған активтер толықтай қашан қайтарылатынын сұрады. Депутаттың сөзінше, бізде офшор аймақ боп есептелетін Кайман, Сейшел аралдарымен келісім атымен жоқ. Министр шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару бағытында комиссия аясында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр дейді. Арнайы тізім бар, одан қалды 55 мемлекетпен белгілі бір конвенциялар жасалды деп қосты Жамаубаев. Ол, сондай-ақ, бірнеше тұлғаның есімі реестрге енгізілгенін айтты. Десе де заңға сәйкес, тізімдегі қалталы азаматтардың жеке деректері құпия сақталады.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Бізде сондай аралдарға байланысты, офшор аймақтарға байланысты тиісті құжат бар. Сіздің айтып отырғаныңыз тікелей сол мемлекеттермен келісімшарт жасасып, елге ақшаны қайтару туралы болса, онда бұл комиссия аясында жүргізіліп жатқан жұмыс. Оның кейбір деректерін айта алмаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде