{metadescription}
Антикор Азиадаға сапасыз форма тіктірген министрлікті тексере бастады
Антикор Азиадаға сапасыз форма тіктірген министрлікті тексере бастады

Антикор Азиадаға сапасыз форма тіктірген министрлікті тексере бастады

Бір кигеннің өзінде үлбіреп, шұрық тесік болған. Өткен Азиадада спортшыларымызға сапасыз форма тіктірген антикор туризм және спорт министрлігінің ізіне түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Спорт комитеті мен спортты дамыту дирекциясының жұмысын, қаржы операцияларын жіті тексеруді бастап кеткен.

Салаға жауапты министр Ермек Маржықбаев отандық тігіншілерге киімдерді пішіп-тігуге мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс берілген деп отыр. Форманы мақұлдамас бұрын арнайы комиссия матаның сапасы мен дизайнын тағы бір пысықтап барып тігуге жіберген. Түптеп келгенде сапасыз киімге кімнің кінәлі екенін  ешкім дөп басып айта алмайды. Шүберек мәселесі басына таяқ болып тигеннен кейін спорт министрі алдағы Париж олимпиадасында мұндай қателік жібермейміз деді.

   Ал букмер кеңсеге бармаса басы ауыратындарға жас шектеуі енгізілетін болды. Енді 25 жасқа толмағандар құмар ойындар ойналатан казинолардың маңына да жақындай алмайды.

Ермек Маржықбаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

Бұл форманы тіккен өндіруші "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палата тізімінде адал тауар өндіруші ретінде көрсетілген. Қазақстандық спортшылар 2024 жылы Париж Олимпиадасында сапасы жақсы форма киетінін сеніммен айта аламын. Ал құмар ойындарға есі кеткен лудомандар туралы айтатын болсақ, енді кредитін төлемеген борышкерлер мүлдем казиноға кіргізілмейді. Сондай-ақ заңға құмар ойындарын шектеу туралы бірқатар түзету енгіздік. 25 жасқа толмаған азамат казиноға кіре алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде