{metadescription}
Жеткіншекті қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші қамалды
Жеткіншекті қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші қамалды

Жеткіншекті қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші қамалды

Алматыда 15 жастағы баланы жүк көлігімен қағып өтіп ізін суытқан жүргізуші 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қайғылы жағдай Қалқаман ықшамауданында кешкі уақытта болған.

Газ-53 жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші арнайы жолақтан өтіп бара жатқан бозбаланы таптап өтіпті. Қатты соққыдан жеткіншек қансыраған күйі сол жерде жантәсілім етеді. Полиция күдіктіні араға бір күннен соң Алматы облысында қолға түсіреді. Есірткі мен ішімдікке сылқия тойып алған азамат өзінің адам қағып өлтіргенін түсінбеген де. Тексеру барысында оның бұдан үш жыл бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болған. Қазір күдікті қамауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде