Жаңаөзенде қылмыстық топ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған
Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ құрықталды. Олар жертөлені жалға алып, құмар ойынға құныққандардың қалтасын қаққан.
Автор: Айман Нұрмағанбет
13.12.2023
Қылмыстық топ ойынхананың күзетін күшейтіп, тұрақты жұмыс істеуі үшін компьютерлерін жаңартып отырған. Күйі кеткен жертөледе ойын ойнауға барлық жағдай жасалған екен. Тіпті бәс тігуге арналған барлық ойын автоматтары орнатылған. Жедел тінту кезінде мониторлар, чек, принтер, құрылғылар мен 77 миллион теңгеден астам қомақты қаражат табылды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттінің ресми өкілі:
- Тінткен кезде ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блок, монитор, чек принтер мен сканері, теледидар, телефондар және қол-мақол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен кіріс 77 млн теңгеден асты. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!