{metadescription}
Данияр Қасқарауов: Жеке дерек құпиясы ешкімге құпия болмай тұр
Данияр Қасқарауов: Жеке дерек құпиясы ешкімге құпия болмай тұр

Данияр Қасқарауов: Жеке дерек құпиясы ешкімге құпия болмай тұр

Жеке дерек құпиялылығы ешкімге құпия болмай тұр. Мәжілісмен Данияр Қасқарауов бірден үш министрлікке қарата бүгін осылай депутаттық сауал жолдады.

Депутат тоғыз айда елімізде 15 мың интернет алаяқтық тіркелген дейді. Оның ішінде үш мыңнан астамы ресми банктің атын жамылып азаматтарды құрығына түсірмек болған. «Осы тұста заңды сауал туындайды, тұрғындардың жеке дерегі мен телефон нөмірін олар қайдан алады?» - деді Қасқарауов. Осы орайда мәжілісмен жақында бір танысының жеке компания ашқанын, құжаттарын электронды Үкімет арқылы тіркеп, процесті ешкімнің қатысуынсыз, тек порталда жасағанын мысалға келтірді. «Дегенмен сол күні оған үш бірдей банктен қоңырау түсіп, «арнайы есепшот ашыңыз» деген ұсыныс айтыпты. Ал ертесіне заңгерлік-бухгалтерлік қызмет көрсететін жеке компания өкілдері телефон соққан. Бұның бәрі небәрі екі-үш күнде орын алған жағдай» - дейді депутат ішкі істер, цифрлық даму және әділет министрлеріне жолдаған сауалында.

Данияр Қасқарауов, Мәжіліс депутаты:

Интернет алаяқтарына қанша жерден тосқауыл қойылғанымен, олардың айласы асып тұр. Мысалы, әртүрлі телеграмм чаттар арқылы қомақты ақша табыңыз деп, талай үйде отырған аналарды алдап жатыр. Ішкі істер министрлігімен қылмыстық істер қозғалады. Бірақ алаяқтың өзін табу мүмкін емес болып отыр. Оларға бұл деректерді кім береді? Қанша жерден азаматтардың жеке дерегін заңмен қорғап, оның таралуын шектесек те, алаяқтық тоқтайтын емес. Жеке дерек құпиялылығы ешкімге құпия болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде