{metadescription}
Сот кезінде қорылдап ұйықтап кететін судьялар бар
Сот кезінде қорылдап ұйықтап кететін судьялар бар

Сот кезінде қорылдап ұйықтап кететін судьялар бар

Сот кезінде қорылдап ұйықтап кететін судьялар бар. Депутат Абзал Құспан сот жүйесін қатаң сынға аламын деп, сау басына сақина тілеп алған кезін еске түсірді.

Абзал Құспанов, Мәжіліс депутаты:

Жақында өзім сайланған округ әрі туған жерім — Жаңақала ауданында аудандық судьяның бойжетіп қалған қызы аудан халқын әлеуметтік желі арқылы қарғап-сілеп, тура мағынасында, боқтап, балағаттайды. Судья аудан халқынан басын иіп, кешірім сұраудың орнына, аудан халқы атынан әділдік іздеп сотқа барған 6 азаматпен адвокат жалдап соттасып, олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден, 600 мың теңге ақша өндіріп алды. Күні кешегі адвокат тәжірибемде қайта-қайта қорылдап ұйықтап кеткен судьялар туралы әлеужеліде кезінде ашық жазған едім. Нәтижесінде «судьяға құрметсіздік көрсеткенім үшін» өзімнің үстімнен қылмыстық іс қозғалып, сау басыма сақина тілеп алғандай болғам.

"Сол судьялар түк болмағандай, күні-бүгінге дейін сот төрелігін жүзеге асыруда" деп, сөзін сабақтады депутат. Неге олай деген сұраққа жауап іздесек соттар норматив актілерді өзіне ыңғайлап жазып алған. Халық осындай судьялардан, тура мағынасында, зардап шегуде деген мәжілісмен тиісті механизмдерді қайта қарастыруды ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде