{metadescription}
Атырау орталығындағы тұрғындар үш күннен бері жылусыз отыр
Атырау орталығындағы тұрғындар үш күннен бері жылусыз отыр

Атырау орталығындағы тұрғындар үш күннен бері жылусыз отыр

Атыраудың дәл орталығындағы көше тұрғындары үш күннен бері бүрсеңдеп отыр. Өйткені жаңа нысан салып жатқан кәсіпкер өз ауласының сыртына түгелдей бетон құйып тастаған. Ал оның астында газ құбыры қалыпты. Соның салдарынан қысым азайып, отыздан астам үй бірнеше күннен бері газдан ажыратылған.

Светлана Бейсекенова:

 Үшінші күн-түнімен балаларды жауып, тоңып отырмыз. Таңертең төтенше жағдай департаментіне телефон соқтым, соған мәжбүр болдымң әкімдікке бардым. Үсіп-тоңып отырмыз. Мектеп қазір істемейді. Балалар қосымша сабаққа кетті, жылына алмай. Тамақ іше алмай кетті. "Әже, тоңып бара жатырмын" дейді.

Қазір апатқа қарсы қызмет бригадасы қысым азайып кеткен газ құбырын іздеп әлек. Өкінішке қарай, төселген бетон ақауды табуға кедергі келтіруде. Қыстың қытымыр аязында көршілерін бірнеше күн жылусыз қалдырып жыларман күйге түсірген кәсіпкер қарасын да көрсетпеді. Әкімдік бұл кәсіпкерлік нысан иесі бетон құюға рұқсат алмағанын, заңсыз әрекетімен өзгелерге зиян келтіргені үшін жауапқа тартылатынын айтты. Ал коммуналдық мекеме өкілдері бүгін қалай да газ құбырының ақауын жөндейміз деп уәде берді.

Еркебұлан Кенжеғалиев, “ҚазТрансАймақ” Атырау өндірісі филиалының директоры:

Апатқа қарсы қызмет жерді қазып жатыр. Бетон құйылып жатыр. Газ құбырын алуымыз керек. Түгел өшіп қалған жоқ. Қысым азайып кетті. Барлық материал, техникамыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде