{metadescription}
ШҚО: Бір аптада 23 өрт тіркелген
ШҚО: Бір аптада 23 өрт тіркелген

ШҚО: Бір аптада 23 өрт тіркелген

Шығыс Қазақстан облысында аяз салдарынан өрт көбейді. Өңірде бір аптаның ішінде 23 оқиға тіркелген. Оның алтауы бір түнде болған.

Тілсіз жаудың басым бөлігі жекеменшік секторларда болған. Баспаналар қатты отынмен жылытылатындықтан өрт те көбейген. Аязда пешін күні-түні жағуға мәжбүр. Сонымен қатар қатып қалған жеңіл көлігін жылтпақ болып, өртеп жібергендер де жетерлік. Мамандар өрттің көбейуін қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақтамауынан дейді. Қазір құтқарушылар қатты аязға байланысты жекеменшік тұрғын үйлер орналасқан көшелерде бақылауды күшейтті.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:

Пешті қыздырғанша бір уақыт жиі-жиі жағып тұруды ұсынады. Электор қыздыру құралдарын түні бойы қалдырмай, үнемі бақылауда ұстап, қауіпсіздікке жауаппен қарауды сұрайды.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде