{metadescription}
Бозайғырда жанып кеткен үйдің тұрғындары қара суықта далада қалды
Бозайғырда жанып кеткен үйдің тұрғындары қара суықта далада қалды

Бозайғырда жанып кеткен үйдің тұрғындары қара суықта далада қалды

Қақаған қара суықта баспанасыз қалды. Шортанды ауданына қарасты Бозайғыр ауылында екі күн бұрын түгі қалмай жанып кеткен қос қабатты үйдің тұрғындары әлі өзіне келе алар емес. Тілсіз жаудың кесірінен дүние-мүлкі, құжаттары түгел кеткен. Тек басы аман, жұрт соған шүкір етіп отыр. Далада қалған сегіз отбасының жайы қалай енді шешіледі?

Бірінші қабаттағы пәтердің төбесі жанып, Шортанды ауданының өрт сөндіру көлігі бір жарым сағаттың ішінде өртті сөндірді. Алайда таңға жуық өрт қайта тұтанып, екінші қабаттағы үйдің газ баллоны жарылды. Оған ны төтеншеліктердің қауқары жетпеді. Арада екі күн өтсе де, үйдің орны әлі түтіндеп тұр.

Тілсіз жау 30 шақты адамды тентіретіп қойды. Алапат өрттен әлі күнге есін жия алмай жүрген олар жылдар бойы тұрып келген баспанасынан айырылып отыр. Іргесі 1975 жылы қаланған қос қабатты үйдің сау-тамтығы қалмаған.

Бейбітхан Жаңабатыр:

Түнде жанды. Көршілерім айтқан соң келіп есіктиі ашсам, төбеміз жанып жатыр. Өзім өшірмекші болып шелекпен су шаштым. Сөйтіп жүгіріп жүргенде баллон есіме түсті. Баллонды алып шығамын деп жүріп, өзім көк түтіннің арасынан әрең шығып, есік алдына шығып құладым. Көршілерім көтеріп алды. 

Алты пәтердегі өртті әрең сөндірген аудандық төтенше жағдай қызметкерлері келесі кезекте өзге пәтерлердегі жағдайды тексеріп, тұрғындармен бірге газ баллондарын шығаруға тиіс еді. Алайда өрт толық ауыздықталды деп Шортандыға қайтқан. Шырт ұйқыда жатқан тұрғындар таңғы жеті шамасында дыбыстан оянады. Үйлерінің екінші қабаты өртте қалған.

Раиса Қайдарқызы:

 Сағат 7:24-те шақырдық. 45 минуттан кейін бір-ақ өрт сөндірушілер келіп, қатқан суын жібітті. Ортадағы үйде баллон жарылды. Қаладан келетін өрт сөндірушілерді Шортандыдағы өрт сөндірушілер екі машина келдік, біз сөндіріп жатырмыз деп қайтарып тастаған. Бәрі кінә... шала сөндіріп кетіп қалғаннан. 

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт уақытында өшірілді, Астанадан да, ауданнан да құтқарушылар сайланып, дайын келді дейді. Тек қолайсыз ауа райы кедергі болған екен. 

Әділ Мұхамедин, Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі бастығының орынбасары:

 Шамасы келгенше сөндіргеннен кейін қайтуға бұйрық берілген. Жабдықталған бүкіл киімі бәрі бар. Қазір терсеріліп жатыр. Шешімі шығарылғаннан кейін хабарланады.

Жергілікті әкімдік үйсіз-күйсіз қалған жанұяларға қолдан келгенше жәрдем беретінін жеткізді. Ал материалдық шығынын өтеп беруге қатысты ешқандай шешім жоқ.

Бауыржан Шаймұратұлы, Бозайғыр ауылының әкімі:

Жалпы сегіз пәтер. Бесеуін жоғары техникалық колледж жатақханасынан уақытша бір-бір бөлме беруге басшылығымен келістік. Біз өз тарапымыздан қажет заттармен қамтамасыз етуді, жататын орындарды ұйымдастырдық. Бұл жерге нақты тексеру өткен жылдың, қателеспесем, ақпан айында болған.

Өрттің неден тұтанғаны да нақты белгісіз. Жарылған газ баллон Астанада жіті тексеріліп, себебі екі аптадан кейін анықталады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде