{metadescription}
Елімізде қар барысы азайып барады
Елімізде қар барысы азайып барады

Елімізде қар барысы азайып барады

Елімізде барыс азайып барады. Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жыртқыштың саны бүгінде 100-ге де жетпейді. Бес жыл бұрынғы есеп көрсеткішінен екі есе аз. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлайды.

Қар барысы тек таулы аймақта мекендейтін мысық тұқымдас аң. Бүгінде оның санын заманауи инновация әдістерімен ғана анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін тау бөктеріне камералар орнатылған. Фототұзақ жыртқышты күн-түнге қарамастан зерттеп және бақылап тіркейді. Осыдан бес жыл бұрын 200-ден астам қар барысының саны қазір небәрі 99 ғана.

Ірбіс мысығы елімізде Іле және Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Қатонқарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел ұлттық парктары мен Алматы және Ақсу-Жабағылы қорықтарында мекендейді. Бұл аймақтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Ресеймен шекаралас. Сол себепті жыртқыштар сонда қоныс аударып, арлы-берлі жүре беруі мүмкін екенін айтады зоологтар. Бұл нақты есеп емес.

Жалпы жоғалу қаупі төнген қар барысы еліміздің ұлттық символдарының бір. Енді жыл соңына дейін қолданысқа енгізілетін 10 мың теңгеге де осы ірбіс мысығының суреті бейнеленген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде