{metadescription}
Қарағанды және Абай облысында жүк көліктері мен автобустар қардан шығарылды
Қарағанды және Абай облысында жүк көліктері мен автобустар қардан шығарылды

Қарағанды және Абай облысында жүк көліктері мен автобустар қардан шығарылды

Сақырлаған аяз бен ақтүтек боранда жолда қалғандар көбейді. Қарағанды және Абай облысында жүк көліктері мен автобустар қар құрсауынан шығарылып, жолаушылары жылы жерге жеткізіліп жатыр. Бір түннің өзінде Семейде 74 адам аязда үсіп өліп қала жаздаған. Сынап бағамы 30 градустан түскелі барлық өңірде дизель отынымен жүретін көліктердің алыс сапарға шығуына шектеу қойылды.

Қарағандылық полицейлері 20 өзбек азаматын жылы жерге жайғастырды. Сарыағаштан шыққан автобус үш күннен бері елордаға жете алмай жолда қалған. Әбден тоңған шетелдіктерді тәртіп сақшылары қар құрсауынан құтқарып, Осакаровка ауданына жеткізді.

Әубәкір Хайтов, Өзбекстан азаматы:

Жолға шыққанымызға екі күннен асты. Бір күн Балқаш қаласында тұрдық. Бүгін күн ашылды деп жолға шыққанымызда, Теміртау қаласында аязға байланысты жолды жапқанын көріп, сол жерде тұрдық. Бізге полиция қызметкерлері көмектесіп, жылынып, жататын орынымызды тауып беріп жатыр.

Абай облысында да дәл осы жағдай. Сақырлаған сары аяз бүрсең қаққан жұртты әуреге салып жатыр. Діттеген жеріне жете алмай, көлігі қатып жолда қалғандар көбейді. Күшейтілген режимде кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары бір күннің ішінде 15-тен астам ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен.

Жалпы аймақта сарышұнақ аязда қалған 74 адам құтқарылды. Оның ішінде 17 бала бар. Жолаушылардың арасында үсік шалғандар жоқ.

Бауыржан Омаров, Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы:

Республикалық маңызы бар автожолдарда 24 бекет қойылды. 48 полиция қызметкері және 24 техника жұмылдырылды. Олар ауа райына байланысты Абай облысының автожолдарында барлық бағытта сағат 18-00 ден бастап көлік ағыны тежеліп жатыр.

Ал аяздың әзірге беті қайтатын түрі жоқ. Қазгидрометке сілтеме жасаған мамандар осы апта бойы күн суық болатынын айтты. Сондықтан жұртқа аса маңызды болмаса алыс жолға шықпауға кеңес беруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде