{metadescription}
Ақтөбеде сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлап көз жұмды
Ақтөбеде сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлап көз жұмды

Ақтөбеде сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлап көз жұмды

Ақтөбедегі мектепте 13 жастағы оқушы көз жұмды. Мұғалімдердің айтуынша, сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлаған. Роман партаның қырына тамағын соғып есінен таныпты. Ауруханаға ес-түссіз жеткізілген ол дәрігерлердің барын салғанына қарамастан жарты сағаттан кейін демі үзілген.

Дәуір Түлемісов, Ақтөбе №27 мектеп-лицейінің директоры:

Мұғалім мектептің медбикесін дереу шақырды. Бірінші жәрдем сол жерде көрсетілді. Содан кейін жедел жәрдем шақырылды және ата-анасы шақырылды. Жүгіріп келе жатқан ғой, кабинеттен-кабинетке көшпей ме, сол кезде өзінен-өзі құлаған. Аяғына шалынып құлады ма, қасында ешкім болған жоқ, кабинетте мұғалім отырды.

Директордың айтуынша қайғылы жағдай физика пәні басталар алдында болған. Сыныпта тағы төрт-бес оқушы жүрген екен. Оқу орнына тергеушілер келіп жауап алып кеткен. Оқиға орынан қарап, бейнекамералардың жазбаларын тәркілепті. Бірақ бейнекамералар тек дәлізде орналасқан.

Жетінші сынып оқушысы Роман Новиков озат оқушылар қатарында болған. Пән олимпиадаларына жиі қатысқан екен. Оның сыныптастарымен психологтар жұмыс істепті. Мектеп әкімшілігі марқұмның отбасына қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр.

Кәмшат Сәлімгереева, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

Оқиға орнына полиция басқармасының жедел тегеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры барды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі бойныша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша прокурор тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде