{metadescription}
«Көтеріп шықты». Петропавлда өрт сөндірушілер бес адамды өлімнен құтқарды
«Көтеріп шықты». Петропавлда өрт сөндірушілер бес адамды өлімнен құтқарды

«Көтеріп шықты». Петропавлда өрт сөндірушілер бес адамды өлімнен құтқарды

Петропавлда өрт сөндірушілер тілсіз жаудан бес адамның өмірін сақтап қалды. Оларды құтқарушылар лапылдап  жанып жатқан үйден  көтеріп алып шыққан.

Аязды түні лаулап жанған баспана қала шетінде орналасқан. Сондықтан өрт сөндірушілер оқиға орнына тар көшелермен 9 минутта әзер жетіпті. Олар жалын ортасында ес-түссіз жатқан ер адамды алып шыққан. Ыстан уланған  азамат қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал басқаларын алып шығу үшін газдан құтқару қызметінің арнайы жасағы шақырылды. Олар терезені сындырып, үйдегі төрт тұрғынды құтқарған. Арасында 15 жастағы жеткіншек бар. Тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан тұтанды деген болжам бар. Өйткені қатты суықта үйді тоқ пешпен жылытыпты.

Нұрлыбек Қасымов, СҚО ТЖД жедел кезекшілік қызметі бастығының орынбасары:

Өрт орнына бірінші маманданған өрт сөндірудің екі техникасы, үшінші өрт сөндіру бөлімінен бір техника жіберілді. Өрт ошағына кіретін жол жоқ болды. Кеше 200 метр жаяу жүруге тура келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.