{metadescription}
«Бағалы сыйлық сұрауы». Декларацияда қандай дүние-мүлікті көрсету керек?
«Бағалы сыйлық сұрауы». Декларацияда қандай дүние-мүлікті көрсету керек?

«Бағалы сыйлық сұрауы». Декларацияда қандай дүние-мүлікті көрсету керек?

Бағалы сыйлықтың сұрауы болады. Қаржы министрінің орынбасары декларацияда қандай дүние-мүлікті көрсету керек екенін тағы бір нақтылады. Оның сөзінше, егер құнды заттың бағасы 100 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 3 жарым миллионнан асып түссе және оны тарту еткен адамның заң жүзінде ешқандай да кірісі болмаса, оны декларацияда көрсету міндеттеледі.

Жалпыға бірдей декларация елімізде екі жыл бұрын басталды. Алдымен мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен жұбайлары табысы туралы есеп беруге міндеттелген. Ал келесі жылдан бастап заңды тұлғалар, жеке компания басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары бас-аяғы, шамамен, 4 миллионға жуық адам декларация тапсырады.

«Жалпыға бірдей міндеттелген шара жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлерді де айналып өтпейді», - дейді вице-министр. Декларация тапсырудан басын алып қашқандарға алдымен ескерту жасалады. Алғашқы ескертуді елемегендерге 51 мың 750 теңге айыппұл салынады.

2025 жылдан бастап студенттер мен зейнеткерлер, тіпті үй шаруасында отырған әйелдерге дейін қанша табыс тауып отырғандарын құжат жүзінде көрсетуге міндетті. Ержан Біржанов зейнеткелердің алып отырған зейнетақысынан өзге жеке кәсібі, қосымша кірісі болмаса, онда министрлік декларациядан босату нұсқасын қарастыратынын айтты. Себебі ол туралы ақпарат автоматты түрде көрсетіледі.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесінде жеке тұлғалар барлық шетелдік активін, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін көрсететін «Кіріс» декларациясын ұсынуы керек. Мәселен, шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік; шетел банкіндегі 7,3 мың АҚШ долларынан жоғары ақша; шетелдік компаниядағы үлесі; бағалы қағаздар, цифрлық активтер құймасы; зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері; 34,5 млн теңге шегінде қолма-қол ақша; нотариалды куәландырылған басқа тұлғалармен қарыз шарты; құны 3,4 миллион теңгеден асатын басқа мүліктер тіркеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде