{metadescription}
Алматы облысында төрт ауыл үйін қайнаған судың буымен жылытып отыр
Алматы облысында төрт ауыл үйін қайнаған судың буымен жылытып отыр

Алматы облысында төрт ауыл үйін қайнаған судың буымен жылытып отыр

Үйін қайнаған судың буымен жылытып отыр. Алматы облысында төрт бірдей ауыл сарышұнақ аязда жылусыз қалған. Нұрғиса Тілендиев ауылындағы шамамен 400 отбасы тастай үйде үш күн бойы дірдектеп отыр. Өйткені газ қысымы төмен, сонлдықтан пеш сөне береді. Ал жауапты компания мәселені ретке келтіруге он күн керек деп отыр. 

- Мынау сұмдық!  Даладағы температура негізі минус 20 градусты көрсетіп тұр, бірақ желмен қоса сол 25-30 градус суыққа барып қалатын шығар. Осындай сарышұнақ аязда ауыл тұрғындары жылусыз отыр. Қазір жұрт үйін неше түрлі амал тауып жылытуда. Соның біреуін ғана көрсетейікші. Газ жоқ, тұрғындар электрпештің үстіне су толы қазанды қояды. Ақырындап қайнағап буы шығады. Яғни, үйлерін сол ыстық бумен жылытып отыр.

Будың жөнді жылу бере қоймайтыны белгілі, бірақ басқа амал жоқ. Газ қысымының төмендігін сыздықтап жанған оттан-ақ байқайсың. Пеш өшіп қала береді. Бәрінен бұрын кесірі балаларға тиіп, мұздай үйде шет-шетінен тұмау болып жатыр.

Гүлжахан Құлбаева:

Газ жоқ. Үй суық. Балалар ауырып жатыр. Өзім де ауырып қайта-қайта ауырып жүрмін. 30 мыңға дәрі аласың. Менде бір бала емес, бес бала бар. Ең кішкентайы бүгіннен бастап жөтеліп жатыр. Егіп емдеп жатырмын. 

Қыстық киім шешілмейді. Қабат-қабат көрпенің астында оранып-қымтанып жатады. Нұрғиса Тілендиев ауылының халқы екі түнді осылай өткізіп келді. Десе де бүгін үйлердің басым бөлігіне ойда-жоқта жылу беріліпті.

Балжан Тұяқова:

 Демек газ әкелуге болады екен ғой. Екі тәулік  бойы қаншама адамды жылатып-еңіретіп шулатты. «Журналистерді шақырдық» деп едік, бірден газ берді.

 Жылу жоқтығын жоққа шығармаған жауаптылар газ тарату станциясы тым алыста орналасқан деп отыр. Ауылдарға жеткенше, қысымы төмендеп кетеді, әсіресе аязда. Енді көпті тұқыртқан мәселені алдағы уақытта шешпекші. 

Василий Тен, "Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:

Қазір Қосөзен, Нұрғиса Тілендиев, Қараой, Чапаев ауылдарында газ қысымы төмен. Бұл ауылдарға газ тарату станциясы алыс орналасқан. Арасы 30 шақырым. Осыған байланысты біз былтыр құны 700 миллион теңгеден асатын станцияны жақын маңнан соқтық. Енді соған қосып жатырмыз. Мәселе 10 күннің ішінде шешіледі.

Тұрғындар қақаған қыстың он күніне енді қалай шыдайтынын түсінбей дал. Бірақ оған компаниядағылар басын қатырғысы келмейтін сыңайлы. Тастай үйде отырып әбден ауырып біткен жұрт газ мәселесінің жуық арада шешілуін тала етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.