{metadescription}
АҚШ: Қазақстан қызылшаны жұқтыруда алғашқы үштікте тұр
АҚШ: Қазақстан қызылшаны жұқтыруда алғашқы үштікте тұр

АҚШ: Қазақстан қызылшаны жұқтыруда алғашқы үштікте тұр

Вакциналау туралы мәлімет әлі қағазға жазылуда. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай бұны түсінбей, екпе салу жұмысы әлі де жүйесіз деп, саладағы олқылықты атап Үкімет басшысына сауал жолдады.

Мәселен, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қызылшаның жаһандық індетіне қатысты мәліметті жариялап, Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке еніпті. Қазір елімізде қызылша жұқтырғандар саны 21 мыңнан асып жығылады. Сенатор дерттің дендеп шектен тыс таралуына вакциналау жұмысында бірізділіктің жоқтығы себеп дейді. Мысалы, аймақтарда елде бар вакциналар қолжетімсіз әрі егу қызметінің сапасы тым төмен. Маман мен құрал-жабдық жетіспеуінен балаларды уақтылы иммунизациялау қиындап отыр. Тіпті ампулалардың дер кезінде жеткізілуі мен оның дұрыс сақталуы жіті қадағаланбайды. Сондай-ақ діни нанымына байланысты екпеден бас тартқандармен тиісті жұмыс жүргізілмейтініне сенімді. Депутат елдегі екпе жасалуы туралы мәліметке, ондағы көрсеткішке де күмән келтірді.

Бибігүл Жексенбай, Cенат депутаты:

Қазақстан цифрландыруда алға шықты деп мақтанғанымызбен, вакциналау туралы мәлімет әлі қағаз дәптерге жазылғаны түсініксіз. Дамыған елдерде дәл осы иммунизациялау бірінші кезекте цифрланған, әр азаматтың қашан, қандай вакцина алғаны туралы ақпарат сол мемлекеттің кез келген түкпірінде қолжетімді. Біздің елде әлі де медицина саласын цифрландыру дұрыс жүргізілмей келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде