{metadescription}
Ауыр жұмыс істейтіндер 55 жастан бастап арнайы төлем алуы мүмкін
Ауыр жұмыс істейтіндер 55 жастан бастап арнайы төлем алуы мүмкін

Ауыр жұмыс істейтіндер 55 жастан бастап арнайы төлем алуы мүмкін

Ауыр жұмыс істейтіндер 55 жастан бастап арнайы төлем алуы мүмкін. Тау-кен өндірісі, металлургия, химиялық өнеркәсіп сияқты салада істетін 37 мың адам осы санатқа кіреді екен. Сенат еңбек жағдайы зиянды жұмыста істейтін адамдарға арналған төлем мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты заңды мақұлдап, Президентке қол қоюға жіберді.

Бірақ оның да өз шарттары бар. 55 жасқа толған жұмыскердің кемі жеті жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы шарт. Және жұмыс берушімен еңбек келісімшарты бұзылуы тиіс. Арнайы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүргізіледі. Жалпы төлемнің көлемі орташа есеппен 208 мың теңге шамасында болмақ. Ал оның мөлшері төрт қаржы көзінен қалыптасады.

Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде, одан кейін жұмыс берушінің өзінен бір ең төменгі күнкөріс деңгейінде өмірді сақтандыру компаниясынан және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан. Бұл жерде БЖЗҚ екі жерден төленеді. Міндетті зейнетақы жарнасы арқылы жинақталған жинақ 10 пайыз және зиянды, ауыр жағдайда жұмыс істейтін азаматқа  5 пайыз қосымша төленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде