{metadescription}
Атырау облысында жылусыз қалған ауылда үйін тастап кетіп жатыр
Атырау облысында жылусыз қалған ауылда үйін тастап кетіп жатыр

Атырау облысында жылусыз қалған ауылда үйін тастап кетіп жатыр

Жауаптылардың жауапсыз тірлігі бүкіл ауылды отынсыз қалдырған. Атырау облысында бүтін бір ауыл жылусыз отыр. Әкімдердің уәдесіне сенген тұрғындар баспанасын тастап кетуге мәжбүр. Мақат ауданындағы тек теміржолшылар тұратын шағын ауылдың шағымын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Бұл тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақат ауданына қарасты ауыл. Тұрғындардың дені теміржолшы. Қара суықта ауыл халқы отынның жоқтығынан жылусыз отыр. Өйткені әкімдердің көгілдір отынды қосамыз деген уәдесіне сеніп қалған.

Шағын ауылдың тұрғындары 50-ге жеткенде жергілікті әкімдік іргедегі газ құбырынан ауылға көгілдір отын тартқан. Өмір бойы көмір жағып келген жұрт қуанғаннан бар ақшасын санап беріп, үйіне жағалай құбыр жүргізіп алыпты. Тіпті көмір пешін бұзып, үйіне жылыту жүйесін де орнатып тастаған. Алайда «қазан айында газ келеді» деп сендірген жауаптылардан сол күйі жауап жоқ.

Гүлсім Әділова:

Жылу берілгенше, «қазанның 15-іне дейін, ауылдарыңызға газ кіргізіледі, жүргізіледі» деп, әр үйге жүйесіне дейін кіргізіп қойды. 220 мың теңгеден үй басына ақша төледік. Ендіғ міне, желтоқсанның он бесі болды, газ жүргізілген жоқ.

Төлеген Нұғыманов:

«Беретін болды, бәрі болатын болды» деп, біз сеніп қалдық, көмір алмадық. Жылда алып отырған көмірімізді. Ішке кіргізуге 220 мыңнан төледік, көмірдің ақшасын. Енді, мінеки, газсыз отырмыз.

Отынсыз отырған балалы-шағалы отбасылар амалсыз ауылдағы баспанасын тастап аудан орталығыннан үй жалдап жатыр. Ал от жағатын ескі пешін бұзбағандар тезек теріп, қалған-құтқан ағашты жағып жан сақтауда.

Қалыбек Қуандықов:

Көріп тұрсыз ғой, үстіміздегі киімді. Осылай отырмыз. От жағамыз. 21 ғасырда жүрсек те, қазір 19-шы ма, білмейм, тіпті қай ғасырда жүргенімізді. 21 ғасырда сияқтымыз, бірақ әлі тас дәуірінде өмір сүріп жатқандаймыз.

Алып-ұшып жеткен аудан басшыларының сөзінше, көгілдір отынның уақтылы берілмеуіне жобаны жасаған мердігер кінәлі. Олар жылу есептегіш құралын жобаға енгізбепті. «»Енді бәрі шешілді, бүгін-ертең газды қосамыз» деп, наразы жұртқа тағы уәде берді.

Бекәділ Жайкин, Мақат ауданы әкімінің орынбасары:

Күні кеше Атырау қаласындағы «ҚазТрансгазАймақ» басшысына кіріп шықтым.377-нің газын беру мәселесі бойынша. Бүгін, не ертең бригада жіберіп газды қосады.

Мақат ауданы әкімдігі теміржол бойындағы бұл елдімекенге көгілдір отын жүргізуге бюджеттен бар болғаны 13 млн теңге ғана шығындапты. Өйткені газ құбыры іргеден өтіп жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде