{metadescription}
Жаңа жылдан кейін такси тағы 40 пайызға өсуі мүмкін
Жаңа жылдан кейін такси тағы 40 пайызға өсуі мүмкін

Жаңа жылдан кейін такси тағы 40 пайызға өсуі мүмкін

Жаңа жылдан кейін такси бағасы тағы 40 пайызға өсуі мүмкін. Такси жүргізушілері мемлекет субсидиялауды тоқтатса, көлікті жалға алу ақысы артып, тарифтің қымбаттайтынын мәлімдеп отыр. Өйткені министрлік таксомотор компанияларға көлікті лизингке сатып алуға арналған субсидияны тоқтатуды жоспарлап отыр.

Нұрлан Ержан, такси жүргізуші:

Қазір жалға алған көліктерге 12.000 теңге төленсе, ертең мемлекет тарапынан субсидия алынатын болса, 18 мыңға көтеріледі. Бұл қарапайым таксистердің қалтатасына ауыр салмақ түсіреді.  2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бұл күшіне енуі мүмкін. Сондықтан да бұл субсидияны алмаса екен.

Жалпы мемлекеттік субсидиялау аясында автопарктер 2021-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысып келген. Олар Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді субсидияланған пайыз мөлшерлемемен сатып алып, такси жүргізушілеріне жалға беріп отырған. Ертеңіне алаңдаған такси жүргізушілері мемлекет тарапынан субсидиялау тоқтатылса, күнкөріс қиындайтынын айтады. Тапқан табыстарының жартысына жуығы жалға алу, жанар-жағармайға кетеді деп жыларман күйде. Ал айлық табысы шамамен 210 мың теңгені құрайды.

Нұркен Тәжібай, Жүргізушілер кәсіподағының атқарушы директоры:

Мемлекеттік бағдарламаны алып тастайтын болса, күніне 7000 теңге емес, 5000 теңге немесе одан да аз ақша табатын боламыз. Күн-түнге қарамастан жұмыс істесек те, отбасымызды асырай алмай қаламыз. Сондықтан билік өкілдерінен бұл мәселені қайта қарауды талап етеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде