{metadescription}
Есімін қазақшалағандарға сыйлық таратқан Семей әкімдігін жұрт сыбап жатыр
Есімін қазақшалағандарға сыйлық таратқан Семей әкімдігін жұрт сыбап жатыр

Есімін қазақшалағандарға сыйлық таратқан Семей әкімдігін жұрт сыбап жатыр

Өз елінде есімін қазақшалағандарға сый-сияпат таратылуда. Семейлік шенеуніктер осындай шара ұйымдастырамыз деп сынға қалды. Себебі «Есімің мен тегің — сенің ұлттық келбетің» тақырыбында 50 баланы марапаттаған ақтамінерлерді әлеуметік желіде жұрт сыбап жатыр.

Баласының ата-тегін қазақша жазғандарды марапттау үшін әкімдік арнайы байқау жариялаған. Сосын биыл дүние есігін ашқан 5500-ден астам сәбидің 50-не кәдесый дайындапты. Шараны әкімдіктің әлеуметтік желісіне жариялаған шенеуніктер сынға ұшырады. Желі қолданушыларының бірі «басқа шешімін таппаған мәселе жоқ па» десе, енді бірі марапат алу үшін қазақша қандай ат қоюды сұраған. Осылайша Тәуелсіздік күніне орай мағынасыз іс-шара ұйымдастырып ұятқа қалғандар дереу барлық жердегі ақпарат пен видеоларын өшіріп тастаған.

Анаргүл Ұлықбекқызы, Семей мәдениет және тіл дамыту бөлімінің бас маманы:

Қазақи дәстүрге сай есім алу мақсатында балаларды мараппаттап, мысал ретінде көрсету ғой. Бұл мәселе керемет сыйлық беру емес, міне, осындай дәстүрді, қазақылықты сақтап қалуды көрсетіп жүрген балаларды, ата-аналарды мысал етіп, үлгі етіп көрсету.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде