{metadescription}
Кентауда дауылдан жылу энергоорталығы істен шығып, аяздан газ қатып қалған
Кентауда дауылдан жылу энергоорталығы істен шығып, аяздан газ қатып қалған

Кентауда дауылдан жылу энергоорталығы істен шығып, аяздан газ қатып қалған

Кентау қаласы жылудан ажыратылды. Дүлей дауылдан шағын шаһардағы электр желілері үзіліп, жылу энергоорталығы істен шыққан. Ол аздай, қара суықтан құбырдағы газ қатып, 70 мың тұрғын көгілдір отынсыз отыр. Секундына 66 метр жылдамдықпен соққан желден Кентаудағы бүкіл білім беру мекемелері жұмысын уаөытша тоқтатты. Қаладағы коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Кентауда күшті жел кесірінен жылу жоғалды. Секундына 66 метр жылдамдықпен соққан дауыл қаланың астаң-кестеңін шығарған. Ұшқан шатырлар электр желілерін үзіп жан-жақта шашылып жатыр. Адам шығынынан қорыққан билік білім беру мекемелерінің жұмысын тоқтатып, оқушыларды онлайнға көшірді. Қара суықта тұрғын үйлер жылусыз қалды. Қаланың басым бөлігінде электр жарығы жоқ. Баспаналардағы ауа температурасы 15 градустан аспайды. Тұрғындар амалсыздан балауыз шамның болмашы жылуына жылынып отыр.

Гүлдариға Құрмантаева:

Бұл үйге келгеннен бері 5-6 жылдан бері мен жылу көрген жоқпын. Батарея өмір бойы мұздай. ТЭЦ-тің бүкіл адамын шақырдым. Бірақ ешқандай жауап ала алмадым. Өзімнен көреді. Үйге қойып қойған термометрге қарайды да, "үйің жылы" дейді. 

Электр жарығы бар үйлердің өзінде жылу жоқ. Өйткені қаладағы жылу энергоорталығына тәуелді. Одан келетін жылу тұрғындар түгілі, батареяны қыздырып жатқан жоқ. Кондиционерден бастап, электр жылытқыштың бәрін қосқан тұрғындар бөлмеде отырса да, далада жүргендей қымтануға мәжбүр.

Махсуда Кәрімбекова:

Осындай суықта отырмыз. Қалың киініп жатырмыз. Жүннен тоқылған шұлық киіп жатырмыз. Бір аптадай болды, осындай суықта отырмыз. Батареямыздың бәрі мұздай. Пеш Анау қосып отырмыз.

Ескірген жылу орталығына тәуелділікті азайту үшін биыл Кентауға газ жүргізілген. Жергілікті басшылар енді жер үйлер автономды пешке қосылып тоңбайтын болды деп есеп берген. Бірақ қара суықтан құбырдағы газ қатып қалған. Сондықтан Кентаудағы жер үй тұрғындары да тоңып отыр.

Берік Оңалбаев:

Жер үйлердің бәрінде автономды пеш бар. Оларда да осындай газ жоқ. Жылу энергоорталыққа қосқандарда жылу жоқ. Кентау қиын қала болды. Ешқандай жылуы жоқ. 

Кентаудағы жалғыз жылуэнерго орталығы соңғы 10 жылда жарытып жұмыс істемеді. Былтыр үкімет тексерісінен кейін миллиард теңге бөлініп, қазандығы мен жүйесі біраз жөнделген. Бірақ кеше орталықта электр жоғалып, өзі істеп тұрған төрт қазандық түгел тоқтапты. Қайта қосылғанымен, жылуды мардымды бере алмай жатыр. Күндіз-түні апат салдарын жоюмен жүрміз деген жауаптылар жылудың жоқтығына тұрғындардың өзін кінәлады.

Әзірге Кентаудағы жарығы сөнбейтін, жылуы жоғалмайтын жалғыз орын дербес генераторы бар тек қаладағы аурухана ғана. Қалған жерде электр мен жылуға жарымай отыр. Синоптиктерге сенсек, алдағы бірер күн күшті жел мен қара суық жалғасады. Сондықтан апта соңына дейін тұрғындардың суықтан біраз дірдеңдеуіне тура келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде