{metadescription}
Жамбыл облысы: Тауда қалған көліктер 3 мыңға жетті, ал Қордай мен Шуда төтенше жағдай
Жамбыл облысы: Тауда қалған көліктер 3 мыңға жетті, ал Қордай мен Шуда төтенше жағдай

Жамбыл облысы: Тауда қалған көліктер 3 мыңға жетті, ал Қордай мен Шуда төтенше жағдай

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұрып қалған көліктердің саны үш мыңға жетті. Қалың қардан темір жолдар да жабылып, 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Түнгі уақытта көлік қатынасы мүлде үзілген Қордай мен Шу аудандарында төтенше жағдай жарияланған. Онда он мыңға жуық абонент жарықсыз отыр.

Қазір Қордай асуындағы желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін ұйытқуда. Ақтүтек бораннан жол талғамайтын көліктердің өзі омбы қарды омыраулап тұрып қалған. Өңірде құрылған штаб өкілдері екі тәулік ішінде суыққа тоңған 5 мыңнан астам жолаушыны қауіпсіз жерге көшірдік дейді

Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінінің орынбасары:

— Алты жылыту пункті жұмыс істеуде. Ол жерге 1800-ге тарта құтқарылған адам орналастылылған. Қосымша екі ауданда 9 жылыту пункті құрылып жатыр. Жұмыс жалғасуда.

Қарлы бұрқасыннан Шу ауданында электр желілері үзіліп, бағаналар құлап жатыр. Мұндай жағдай өңірдегі төрт ауданда тіркелді. Қазір 32 ауылда10 мыңға жуық абонент жарықсыз отыр.

Шу мен Отар арасында 11жолаушылар пойызы тоқтап қалды. Бұл құрамдарда мыңға жуық жолаушы бар.Шойын жолды босату үшін12 жүк пойызының қозғалысына шектеу қойылған.

Жәнібек Тайжанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы:

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жанынан арнайы штаб құрылып, жолаушылар пойыздарын діттеген жеріне жеткізуге күш салуда. Жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ал темір жолдағы жүктемені азайту үшін жүк көліктері уақытша тоқтатылды.

Шекаралас аймаққа Қырғызстанның құтқару қызметі де көмекке келді. Олар Алға ауылы маңында екі жүзге жуық көлікті қар құрсауынан шығаруға атсалысқан. Қазір көмекке ұмтылған көрші елдің еріктілері үшін «кедергісіз өту келісімі» жасалыпты. Мамандар еріктелерді тасымалдауға 5 арнайы көлік бөлінді дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде