{metadescription}
Биыл ауылдарда Илон Масктың интернеті қосылмайды
Биыл ауылдарда Илон Масктың интернеті қосылмайды

Биыл ауылдарда Илон Масктың интернеті қосылмайды

Ауыл мектептері Илон Масктың интернетіне биыл қосылмайды. Цифрлық даму министрлігі Илон Масксіз де биыл жоспарлаған талай жұмысын орындай алмай отыр. Алыстағы ауыл түгілі, Астанадағы интернеті нашар аудандарды жыл соңына дейін жарылқаймыз деген Бағдат Мусин бұл жолы да бар кінәні радиофобтарға жаба салды.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

67 дақтың ішінен 20 ғана қалды. Сол жиырмасында қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал сол жерлерде неге орнатпадық десек, ол жаңағы радиофобияның салдарынан. Мысалы бір тұрғын кешенін алайық, сол тұрғын кешенінде бір пәтерде бір адам болсын, келісімін бізге бермесе, операторлар сол тұрғын үйде базалық станция орнатпайды

Министр бұл ретте депутаттармен «Тұрғын үй мәселелері жөніндегі» заңға тиісті өзгерістер енгізу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Яғни келер жылы Мәжіліс мақұлдаса, мәселе толығымен шешілмек. Ел бойынша 5G базалық станцияларын орнату да ауа райының қолайсыздығына байланысты кешеуілдеп жатқан көрінеді.

Қазіргі таңда байланыс операторлары жоспардағы мыңға жуық базалық станцияның орнына жеті жүзін ғана орнатып үлгерген. Сондай-ақ шалғайдағы ауыл мектептерін жыл аяғына дейін әйгілі SpaceX компаниясының Starlink технологиясына қосып жоғары жылдамдықты интернетпен қамту да келер жылға қалып отыр. Себебі жабдықтар әлі Америкада, әрі ол жеткізілгеннен кейін кедендік рәсімдеу мен сертификаттау сынды ұзақ процестен өтуі тиіс. Сондықтан, Масктың интернеті наурыздың соңында ғана пайдалануға беріледі. Брифинг соңында Мусин кезекті рет ел азаматтарын интернет-трафикті бейберекет жұмсамай, тиімді пайдалануға шақырды.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Егер 25 гигабайт жеткіліксіз болса, онда адам шын мәнінде неге шектен көп жұмсап жатқанын ойлануы керек. Өйткені әлеуметтік желілерде отырып,  25 гб ақпаратты қарау өте пайдалы деуге келмейді. Үйінде және жұмысында вай-файға қосылатынын ескерсек, ол көлемді толық бітіре алмайды. Менің бар айтпағым, қазақстандықтардың мобильді интернетті саналы түрде пайдалануды үйренуі керек. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны бар дегендей. Әр адам өзін бақылай білуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.