Сауда министрлігі енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттемейді
Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын енді реттемейді. Яғни келесі жылдан бастап халық ең көп тұтынатын тұз, ұн, қарақұмық, күріш, нан, сүт пен картопқа шекті баға белгіленбейді.
Автор: Айжан Шамшидин
15.12.2023
Министр Арман Шаққалиев мұндай тәжірибе әлемдік экономикада кеңінен белең алған, бізге таңсық емес деп отыр. Яғни тауар құнын нарық өзі реттейді. Дегенмен қымбатшылық онсыз да қос бүйірден қысқанда бұл шешімінен азық-түлік құны аспандамайды деген сенімде. Министрдің сөзінше, аталған тауарлар қымбаттағанның өзінде небәрі 1 пайызға жетпейтін өсім күтіліп отыр екен.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
— Бағаны реттеуді экономикада ешқайдан таба алмайсыз. Сол себепті 9 позицидан, келесі жаздан бастап бағаны реттеуді алып тастаймыз. Бұл заң жобасы әлі Мәжілісте талқыланып жатыр. Бұл қандай позициялар? Картоп, күріш басқалар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!