Алматы облысында жанармай бекеті өртеніп, 56 жастағы ер адам зардап шекті
Алматы облысында жанармай құю бекеті өртке оранды. Оқыс жағдай кезінде 56 жастағы ер адам зардап шеккен. Жанармай көлігінің жүргізушісі орташа дәрежедегі күйік жарақатын алды.
Автор: Әсем Лесбек
15.12.2023
Оқыс оқиға Шелек ауылында болды. Өрт сөндірушілерге, көлемі 30 текше метр цистернаның жанып жатқаны туралы хабарлама, кешкі сағат жеті жарымда түскен. Мамандар алысып жүріп қызыл жалынды бір сағатта ауыздықтады. 80 шаршы метрді аумақты шарпыған өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Ал жапа шеккен азамат алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханада қалудан бас тартқан.
Самат Кенжехан, Алматы облысы ТЖД қызметкері:
— Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 8 техникасы, ауданның полиция бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!