{metadescription}
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа Астанада бес мектеп салынды
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа Астанада бес мектеп салынды

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа Астанада бес мектеп салынды

Жыл соңына дейін Астанада су жаңа бес білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл мектептердің барлығы да жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынған. Мемлекет басшысы бүгін елордадағы №96 мектеп-гимназиясын аралап көрді. Аталған білім ошағы да осы жазда қайтарылған активтердің қаражатына тұрғызылған.

Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Аманшылық тілеймін, сәттілік тілеймін. Мемлекет, Үкіметжоғары ұғым ,ұстаздардың мәртебесін әрі қарай көтереді.

Биыл пайдалануға берілген гимназия елорданың сол жағалауындағы жүктемені азайтуға септігін тигізді. Қазір мұнда 1466 оқушы білім алып жатыр. Мектеп-гимназияда ағылшын, француз тілдерімен қатар, қытай тілі де оқытылады. Мемлекет басшысы оқушылармен кездесуде роботты техника қазіргі таңда перспективті сала екенін атап өтті. «Күллі әлем жасанды интеллектіге баса мән беріп отыр. Қазақстан осы істе озық ел болуы керек деп ойлаймын» деп, сөзін сабақтады президент.

Сондай-ақ жұмыс кестесіне сай, елорданың индустриялық паркіндегі жетекші кәсіпорындармен танысты. Инвестиция тарту ісінде №1 Индустриялық парк айрықша рөл атқарады. Мұнда жалпы инвестиция сомасы 322 миллиард теңге болатын 100 жоба жүзеге асырылуда. Парк өндіріс ауқымы жағынан республикада көш басында. Іске қосылған сәттен бері өндіріс алаңында 6,7 триллион теңгенің өнімі шығарылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.