{metadescription}
ArcelorMittal атауы бар тақтайша бөлшектеліп, киімдегі атауды жыртып жатыр
ArcelorMittal атауы бар тақтайша бөлшектеліп, киімдегі атауды жыртып жатыр

ArcelorMittal атауы бар тақтайша бөлшектеліп, киімдегі атауды жыртып жатыр

Qarmet компаниясының жаңа қожайыны Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатындағы ArcelorMittal жазуын бөлшектеп алып тастады. Аты жер жарған атаудың демонтаждалуын қала тұрғындары түсіріп алған.

Желі қолданушылары мұны «Арселор Митталдың» Қазақстанда дүркіреген 28 жылдық дәуірінің соңы дейді. Барлық жамандық атаулы сонымен кетіп, жақсы кезең басталарына үмітті. Сонымен қатар желіде арнайы киімде «Арселор Миттал» атауын жыртып алып тастап жатқан видеолар тарап жатыр.

Су жаңа Qarmet компаниясы бұл әдейі қолға алынған шара екенін мәлімдеді. Өйткені жаңа арнайы киімдер тігілгенше, бұрынғыларында ескі атау болмауы тиіс.

Еске салсақ, атауы өзгерген компанияның жаңа инвесторы Qazaqstan Steel Group компаниясы болды. Оның қожайыны отандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.