{metadescription}
Абай қаласында сапасыз салынған үйдің есік-терезесінен суық аңырап тұр
Абай қаласында сапасыз салынған үйдің есік-терезесінен суық аңырап тұр

Абай қаласында сапасыз салынған үйдің есік-терезесінен суық аңырап тұр

Қарағанды облысы Абай қаласында 80 пәтерлік су жаңа үйдің тұрғындары суықтан тоңып отыр. Бірақ жылу батареялары ыстық. Суық жел терезе мен балкондардың саңылауынан соғады екен. Ал өңірде соңғы күндері 30 градустан төмен аяз тапжылмай тұр. Көпқабатты үйде су құбырлары да қатып қалған.

Тұрғындар тамыр-таныстарына барып, жоқтары бірер сағатқа пәтер жалдап жуынып-шайынып жүр. Жергілікті билікке сан рет шағымданған. Алайда қауырт шаруадан қолы тимейтін шенеуніктер қара көрсетпепті. Суық желі азынаған су жаңа пәтерлерге КТК тілшісі барып келді.

Жалға берілген баспанаға Жанардың отбасы үш ай бұрын ғана кірген. Қоныстанғаннан-ақ жайсыздығы сезілген. Әсіресе соңғы күнгі аязда пәтер азынап кеткен.

Жанар Резникова:

— Дауысты естіп тұрсыз ба? Бұл ешқандай техника емес, бұл желдің азынаған дауысы. Міне, неше күн болды, балалар ауырып жатыр. Ешқайда бара алмаймыз, жылуға қанша ақша төлейміз. Ешқандай көмек жоқ, бір бөлмеде тығылып отырамыз. Айына 6-7 мыңға пәтержалдап барып жуынып аламыз.

Өйткені үйде суық су құбырлары да қатып қалған. Шиеттей бала-шағасымен бір бөлмеде тығылғандардың жағдайы шамалас. Азынаған желден үсіп қалмаудың амалын өздерінше істеп үйреніпті.

Жүре берсең, көре бересің деген. Биыл ғана салынып біткен Абайдағы су жаңа үйдегі пәтерлердің іші қара тастай суық. Ал подьезі жылы, тіпті ыстық десек те болады. Сондықтан тұрғындар суықтан қорғану үшін пәтер есігін осылай ашық қойып күнелтіп отыр.

Тұрғындар жергілікті билікке шағымды қыс басталғалы айтып келеміз дейді. Бірақ қимылдаған жан болмаған. Аяз көтеріліп суы қатқанда шыдамы таусылған.

Шолпан Байжанова:

Су құбырлары қатып жатыр. Әсіресе су көтеріле қоймайтын бесінші қабат түгел қатып қалды. Ал терезелердің арасына көпіршік құйылмаған. Дұрыс орнатылмаған. Кейбірі өздері қолдан келгенше жасаған болып жатыр. Көбінің жағдайы оған жетпейді. Аадам аренда үйде жетіскеннен тұрмайды.

Абай ауданы әкімдігінен жеткен шенеунік бөлім бастығы болып жақында тағайындалыпты. Сондықтан алдынғы қызметке жауап бермейтінін айтады.

Бақтияр Мұрсалов, Абай ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:

Мен осы бөлімге жақында келген адаммын. 27 қарашада тағайындалдым. Пәтредерде терезелерден суық соғып жатыр. Резеңкеден тығыздағыш салу керек. Кей пәтерде суық су қатып қалған. Соны бүгін мердігерлер келіп істейді.

Сексен пәтердегілерді селкілдеткендер бүгін жұмыс бастайды дегенімен, үйдің айналасында техника немесе жұмысшы көрінбеді. Келгеннің өзінде бес қабатты үйде терезе ауыстыру тез бітетін шаруа емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде