{metadescription}
Ғалымдар: Сағатты жылжытпасақ, генетикалық аурулардан көз ашпауымыз мүмкін
Ғалымдар: Сағатты жылжытпасақ, генетикалық аурулардан көз ашпауымыз мүмкін

Ғалымдар: Сағатты жылжытпасақ, генетикалық аурулардан көз ашпауымыз мүмкін

Балаларға «психологиялық зорлық» жасап келгенбіз. Жастардың аурушаң, иммунитетінің әлсіз болуы уақыт белдеуінің дұрыс болмауынан деген отандық ғалымдар, сағат тілін артқа жылжытпасақ, алдағы 10 жылдықта генетикалық аурулардан көз ашпауымыз мүмкін деп отыр.

Болат Нұрқожаев, қолданбалы хронобиология маманы:

Табиғи уақытпен сәйкестікте өмір сүрсе, синхрон дейміз ғой, егер сәйкестік бұзылса, онда дисинхрон деп атаймыз. Дисинхроноз дүниежүзілік денсаулық ұйымында жалпы ауру тізіміне енгізілген. Яғни сіздерге мынаны түсірсек, я табиғи уақытқа көшсек, барлығы жойылып кетеді, барлық аурудан панацея деген емес. Бірақ маңызды нәрсені айтайын, адамның биологиялық ритмі бұзылғаннан пайда болатын аурулар ол генетикалық келесі ұрпаққа берілетін аурулар.

Қазақстан Сталин заманынан қалған уақытпен әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесін зерттеген арнайы жұмыс тобы 1930 жылдан бері, яғни ғасырға жуық уақыт бойы биологиялық сағатымыздың озып кеткенін анықтаған. Табиғатқа қайшы жүріп-тұрғандықтан, есте сақтау қабілетіміз нашарлай түскен, түрлі ауру ағзамызға қосарлана жабысыпты. Дегенмен уақытты өзгертуге жауапкершілікті мойнына алған сауда және интеграция министрлігі уақытты кері шегерсек барлық дерттен құлан—таза айығамыз деген сөз емес дейді. Сондай-ақ бұдан кейін жауаптылар сағат тілін алдағы 100 жылдықта мүлдем ауыстырмаймыз деп бекініп отыр.

Айта кетейік, қазақстандықтар өзгерісті қолдаса, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де елдегі үш мегаполис пен 12 облыста сағат өзгертіледі.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Қазақстан әртүрлі халықаралық ұйымның мүшесі. Бұл жерде алып сату, импорт, экспорт мәселесі бар. Халықаралық келісімдердің белгіленген уақыты болады. Бір сағат, екі сағат ішінде жеткізу қажет деген талаптары да бар. Бірыңғай уақыт болса, осы мәселені шешеді деген ойымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде