{metadescription}
Синоптиктер: Аяздың беті қайтып, оңтүстік, оңтүстік - шығыста күн жылынады
Синоптиктер: Аяздың беті қайтып, оңтүстік, оңтүстік - шығыста күн жылынады

Синоптиктер: Аяздың беті қайтып, оңтүстік, оңтүстік - шығыста күн жылынады

Күн қайта жылиды. Синоптиктер жұртты әбден әбігерге салған аяздың беті біртіндеп қайтатынын хабарлады. Алдағы үш күн демалыста елдің бірқатар облысында күн жауын-шашынсыз, ашық болмақ.

Апта бойы Қазақстанның барлық аумағында қытымыр аяз әкелген антициклон Солтүстік Шығысқа қарай ығысады. Сондықтан оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн райы 0 + 2 градусқа дейін жылынады.

Ал елдің батысында минус 10 градусқа дейін суық болмақ. Солтүстік-батыс пен теріскейде, орталықта соққан желдің әсерінен минус 20 градусқа дейін температура түседі.

Елдің шығысында да бұрынғыдай 22-35 градус аяз сақталады.

Афродита Пірімжар, "Қазгидромет" РМК инженері:

Осы апта бойы Қазақстанның барлық аумағында ашық және аяз ауарайын әкелген антициклон солтүстік шығысқа қарай жылжи бастайды. Осыған байланысты аяз әлсірейді. Солтүстік Атлантикада пайда болған циклонның жырасы Қазақстанның батысына жылжиды. Жауын-шашын, қар, бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде