{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты. Олар Ырғызда өтетін республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға жолға шыққан. Оқушылар мінген жеңіл көлік жолда жүк машинасымен соқтығысыпты. Үш адам көз жұмып, тізгіндегі жүргізуші мен тағы үш оқушы жарақат алды. Қазір науқастар ауруханада жатыр.

Ырғыз ауданындағы Жаныс би ауылындағы үш шаңырақ қара жамылды. Осы елдімекендегі орта мектептің мұғалімі мен бес оқушысы мінген автокөлік апатқа ұшырады. Құрылыс ауылы маңында Toyota Alphard қарсы жолға шығып жүк көлігіне соғылған. Оқытушы мен екі бала сол жерде көз жұмды. Олар мінген машина оқушыларды олимпиадаға қатысуға аудан орталығына жеткізуге рұқсат берілген көліктер тізімінде болмаған. 

Ардана Саймағанбетов, Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Қарсы келе жатқан автокөлікке соқтығысып, бір ер адам үлкен және де екі жасы кәмелетке толмаған оқушылар қаза тауып отыр. «Альфард» автокөлігі тізімде жоқ. Сондықтан бұл ауылдың басқа оқушылары жеткізілді. Өтініште көрсетілген. ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғалды.

Осыдан тура бір жыл бұрын Ақтөбе облысында дәл осындай қайғылы оқиға болған еді. Ол кезде спорт жарысына облыс орталығына Шұбарқұдық ауылынан шыққан көлік аударылды. Бір оқушы қаза тауып, төрт бала мен жаттықтырушы ауыр жарақат алған еді. Осы оқиғаға қатысты көлікті тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасары екі жарым жылға сотталды.

Ал бұл жолы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысатын он оқушы үшін екі көлік бөлініп, тәртіп сақшылары ертіп жүрген. Бірақ тайғаққа қатысты бес баланы ата-анасы білім додасына жібергісі келмей, арнайы машинадан қалдырады. Кейін марқұм болған оқушының ағасы Ырғызға жеткізіп салуға келісіпті. 

Бұлбұл Елеусінова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Ол жердегі білім бөлімінің басшыларының, мамандарының айтуы бойынша Жайық Исаұлы айтып кеткендей, ауа райына байланысты кейбір ата-ана рұқсат етпеген. Бірақ рұқсат етпегенмен де, екінші көлікпен, ағасының көлігімен жолға шыққан.

Жол апатынан аман қалған үш оқушы қазір Ырғыз аудандық ауруханада жатыр. Сүйектері сау. Ал қаза тапқан мұғалім география пәнінен дәріс беріп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қыршын кеткен оқушылардың бірі 10, екіншісі 11 сыныпта оқиды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде