«Тик-Ток түбіне жетті». Видео түсіремін деп, үйіндінің астында өлді
Тик-Ток түбіне жетті. Шымкентте видео түсіру үшін қаңырап тұрған Мәдениет үйіне барған студенттер үйіндінің астында қалды. Қиранды арасынан екеуі аман шықса, медициналық колледжде оқитын 18 жастағы студенттің мәйіті бірнеше сағаттан соң табылды.
Автор: Бек Әбиев
19.12.2023
Асқар Шәріп, Шымкент ТЖД ресми өкілі:
— Ғимарат Кеңес Одағында салынған. Ол уақыттан бері қаншама құрылыс, ғимараттардың сапасы негізгі беріктігі ұстайтын, былайша айтқанда, балкалары. Оның бәрі қазір қолданысқа жарамайды. Оны толық қайта салу керек. Ескі ғимарат болғандықтан жарамсызкүйде болған.
Жақын маңда тұратын студенттер қаңырап тұрған үш қабатты ғимараттың төбесіне шықпақ болғанда, ол опырылып түскен. Үйінді астында қалған 18 жастағы студенттің денесін иісшіл иттер бірнеше сағаттан кейін тапты. Тағы екі жігіт дін аман. Тұрғызылғанына 40 жылдан асқан «Фосфоршылар» Мәдениет үйі соңғы бірнеше жыл қаңырап бос тұрған. Осы оқыс жағдайдан кейін қала әкімі қауіпті ғимаратты күндіз-түні полицейлер күзетеді деп есеп берді. Алайда жергілікті тұрғындар шаһар басшысының сөзін жоққа шығаруда.
Серік Оразов:
— Оның айтып тұрғанының бәрі өтірік. Полиция болды, 2-3 жыл бұрын. Полиция емес, күзетшілер болды. Оның алдында бұл жерде полиция пункті тұратын. Екі жыл болды, ешкім жоқ. Кейде өздері сенбілік істей ме, біреулер кеп жинайды, болды, басқа ештеңе жоқ. Әсіресе жазда кешке таман бәрі осының төбесіне жиналады. Қай жағынан шығатынын білмеймін. Терезесінің бәрі быт-шыт қой, қай жер болса, сол жерден кіріп жүре береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!