{metadescription}
Утилизация алымы шамамен 12 мың теңгеге өсуі мүмкін
Утилизация алымы шамамен 12 мың теңгеге өсуі мүмкін

Утилизация алымы шамамен 12 мың теңгеге өсуі мүмкін

Келер жылы утиль алым бағасы шамамен 12 мың теңгеге өсуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметте экология министрі мәлімдеді.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Утиль алымның тарифін көтеру туралы әңгіме болған жоқ. Ал айлық есептік көрсеткішке байланысты құны артады дегенге келер болсақ, бұл заңды процесс. Егер АЕК өсетін болса, сәйкесінше, утиль алымның бағасында да өзгеріс болады.

Утилизация алымының бағасы айлық есептік көрсеткішке тәуелді екенін жауаптылар бұған дейін де айтқан. 2023 жылы оның база мөлшерлемесі 50 айлық көрсеткіш шамасында, яғни тұрғындар 172 500 теңге айналысында төлем жасап келді. Ал 2024 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге болып бекітілді. Сәйкесінше, келер жылы утилизацияның құны қаншаға құбылатынын министр кесіп айтқан жоқ. Дегенмен қарапайым есепке салсақ, ендігі жылы утиль алым бағасы 184 600 теңге шамасында, яғни бұрынғы бағасынан 12 мың теңгеге қымбаттайды деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде