{metadescription}
«Сергек». Жаяуға «Сергек» бермеген жүргізушілер айыппұл төлейді
«Сергек». Жаяуға «Сергек» бермеген жүргізушілер айыппұл төлейді

«Сергек». Жаяуға «Сергек» бермеген жүргізушілер айыппұл төлейді

Жаяу адамға жол бермеген жүргізушілер айыппұлдан құтылмайды. Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа функциясы іске қосылды. Енді жаяу жүргіншілер жолағында адамдарды елемейтін көлік жүргізушілері бірден тіркеліп, айыппұл арқалайды.

Егер көлік жаяу жүргінші өтіп кеткеннен кейін қозғалса, бұл заңбұзушылық болып есептелмейді. Ал машина дәл жолақтың үстіне тоқтаса , жүргізушіге міндетті түрде айыппұл келеді. Пилот жобасы бүгіннен бастап Алматыда іске қосылды. Мақсаты айыппұлдан түсетін қаражатты арттыру емес, қала тұрғындары мен балалардың қауіпсіздігі және жолдағы қауіпті жүргізушілерді анықтау дейді ішкі істер министрлігінің өкілдері. Өйткені бір жылдық статистика адам шошырлық. Көлік астына түсіп қаза тапқандар саны бір жылда 600-ге жуықтаған. Оның ішінде қайғылы оқиғаның 478-і осы жаяу жүргіншілер жолағында болған.

Ақтоты Боранова, ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

 Ішкі істер министрлігі «Сергекпен» бірлесіп, құқықбұзушылықтың жаңа түрін, яғни жаяу жүргіншілерге жол бермеуді тіркейтін болады. Интеллектуалды жүйе жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарға жол бермейтін жүргізушілерді анықтайды. Тіркелген бұзушылық айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама түрінде рәсімделіп, ол көлік құралының иесіне жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде